Заң бойынша енді, электронды темекілерді шығарушылар өз өнімдерін Санитарлық бақылау басқармасына сапасын бақылауға беріп отыруға міндеттелді.
АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, студент жастар арасында электронды темекі тұтыну деңгейі 1,5 пайызға артқан. Жаңа заң бойынша енді сатушылар тұтынушының жасын сұрауға міндетті болды.
01:03, 06 Мамыр 2016
АҚШ билігі 18 жасқа толмағандарға электронды темекі сатуға тыйым салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ билігі 18 жасқа толмағандарға электронды темекі сатуға тыйым салу туралы федералдық заң қабылдады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.