АҚШ әскери ведомствосы госпитальға оқ жаудыру қасақана ұйымдастырлмағанын, кездейсоқ болғанын айтты. Әскерилерге қандай жаза тағайындалғаны әзірге белгісіз. Алайда, «Ассошиэйтед пресс» агенттігі негізінен «қызметтік жаза» екенін хабарлады. Кейбірі ресми сөгіс алса, басқалары жұмыстан шеттетілген.
Жазаланғандар арасында офицерлер мен сержанттар бар, олардың арасында бірде-бір генерал жоқ.
«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының өкілі Пентагон оқиға туралы нақты мәлімет жарияламай, ресми пікір білдірмей отырғанын айтты.
2015 жылы 3 қазанда авиасоққы салдарынан 14 дәрігер, 27 науқас және 4 санитар қаза тапқан.
АҚШ президенті Барак Обама бомбалағаны үшін ұйымнан кешірім сұрады.
09:43, 18 Наурыз 2016
АҚШ билігі Құндыздағы аурухананы атқылаған әскерилерді жазалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пентагон өткен жылы 45 адамның өліме себеп болған, Ауғанстанның Құндыз қаласындағы «Шекарасыз дәрігерлер» ауруханасына әуесоққы жасауға қатысы бар оннан астам АҚШ әскери қызметшілерін жазалады, деп хабарлады ВВС агенттігі.