Мәліметтер бойынша, сотталған 5 ер адам да жазықсыз болып шықты. Ол 2002 жылы сериялы қылмыс жасаушы, зорлықшы Матиас Рейес қолға түскен кезде анықталған. Қаныпезер қылмыскер біраз уақыт бұрын жасалған сол бір қылмысты өзі жалғыз жасағанын мойындаған. Ал бұл уақытқа дейін сотталған 5 жігіт 7 жылдан 13 жыл аралығында «өз жазаларын» өтеп шыққан екен.
Хабарланғандай, афро және латынамерикалық нәсілді бес ер азамат сотталған кездерінде жасөспірім болған. Енді олар билікті нәсілдік кемсітушілікке жол беріп, жазықсыз бостандықты шектеді деген айып тағып отыр.