Компания қызметкерлерінің тарабынан салғырттыққа жол берілгені сотта дәлелденсе, «Бритиш Петролеум» компаниясы шығанақ суына аққан мұнайдың әр баррелі үшін - 4 мың 300 доллардан айыппұл, барлығы 17,5 миллиард доллар айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ал егер, салғырттық факті дәлелденбесе, мұнайдың әр баррелі үшін 1100 доллар ғана төлем жасалады.
ВР апат салдарын жоюдың өзіне 8 миллиард доллардай жұмсады. Компанияның жалпы шығыны 30 миллиард доллардан асуы ықтимал.