Барлық жерде бұл күні үкіметтік мекемелер, пошта бөлімшелері, банктер, мектептер, Нью-Йорк қор биржасы жабық болады.
Бейсенбінің өзінде Нью-Йоркте қаладан шығатын ірі магистральдарда көліктің шоғырланғаны байқалған. Мыңдаған мегаполис тұрғындары жанар-жағармайдың қымбаттауына да қарамастан, табиғатта демалуға бел буыпты. Ал қаланың орталық көшелеріндегі темір тұлпарлардың саны айтарлықтай азайған.
Бүгін көптеген американдық қалаларда шерулер мен отшашулар болады.
АҚШ-тың Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялаған декларация 1776 жылы 2 шілдеде Филадельфия қаласында қабылданды. 2 күннен соң Конгресс құжаттың өзгертілген нұсқасын құптап, халыққа тарату туралы өкім шығарды. Сондықтан да АҚШ-тың тәуелсіз ел ретіндегі «туған күні» 4 шілде болып саналады.