55 жастағы Джим Бойзен есімді адамның қатерлі ісіктен емделгеннен кейін жазылмай, бітпей қалған үлкен ашық жарасы болды.
Ота жасалғаннан кейін ол дәрігерлердің оған бас сүйегін қалай жақсы таңдағанын айтып, тіпті қондырылған шаштарының бұрынғыға қарағанда көп екені туралы әзілдеген.
Бұған дейін осындай пациенттерге жасанды имплантаттар немесе қарапайым бас сүйектері қондырылған болатын. Бұл пациентке донордың бас сүйегінің шаштары бар үлкен бөлігі қондырылған бірінші ота болды. Хьюстонның ауруханасында отадан кейін екі апта жатқан Джим Бойзен бүгін үйіне оралмақ.