Демократ сенаторлар Байден сайлауда жасына байланысты жеңіледі деп алаңдаулы

АСТАНА. KAZINFORM – Демократ сенаторлар АҚШ президенті Джон Байденнің жасы мен денсаулығына қатысты алаңдайтынын жеке тәртіппен мойындады, деп хабарлайды The Hill.

Фото: Charles Rex Arbogast

Дж.Байденнің жасы – Сенат демократтары арасында тыйым салынған, олар фракция отырыстарында көтермейтін тақырып. Алайда бұл олардың сайлау алдындағы ең үлкен мәселелерінің бірі, өйткені жүргізілген сауалнамалар көптеген сайлаушылардың Байденнің президент ретінде қызмет ете алатындығына күмәнданатынын көрсетті.

Бұрынғы президент Барак Обаманың бас стратегі болған Дэвид Аксельрод өткен жылдың күзінде Байден сайлаушылардың оның жасына қатысты алаңдаушылығына байланысты қайта сайланбауы керек деген идеяны алға тартты.

Парламент депутаттары бұл алаңдаушылықтарды көпшілік алдында талқылағысы келмейді, өйткені Демократиялық партиядан балама кандидат жоқ және жаңа кандидатты табу үшін әрекет етуге тым кеш.

Сенаторлар, егер ол жарыстан жазда немесе күзде шығып қалса, вице-президент Харрис Байденді алмастыра алады деп санайды, бірақ олар Харристің төмен рейтингтерін (The Hill's FiveThirtyEight.com сауалнамасы бойынша, желтоқсан айының ортасында 38%-ға дейін төмендеген) және оның соңғы үш жылда атқарған білінер-білінбес рөлін ескере отырып, бұны сәтті нұсқа деп санамай отыр.