АҚШ доллары 0,07 теңгеге арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен АҚШ доллары (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) бойынша және есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.

Германия мен Ұлыбританияда (17 сәуір - Пасханың екінші күні) мереке күні болғандықтан бүгін Қазақстан қор биржасында септесуі T 0 теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша сауда-саттықтар өткізілген жоқ.

EURKZT_TОМ және EURUSD_TОМ үшін осы сессия  2017 жылдың 17 сәуірінде негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 310,80 (-0,07 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 25 700 мың АҚШ долларын (-40 300 мың USD) құрады.

Есептесуі Т 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T 0 теңгемен қытай бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 45,1750 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 45,2000 теңге болды.