АҚШ доллары 0,19 теңгеге арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен АҚШ доллары (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) бойынша, есептесуі теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша және есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 310,62 (-0,19 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 59 400 мың АҚШ долларын ( 33 700 мың USD) құрады.

Есептесуі Т 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T 0 теңгемен қытай бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 45,1000 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 45,1250 теңге болды.