Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.
Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 314,81 (-0,34 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 31 200 мың АҚШ долларын (-10 500 мың USD) құрады.
Есептесуі Т 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T 0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 45,8100 (-0,0350 теңге) теңгені, сауда-саттық көлемі - 450 ( 250 мың юань) мың юаньды құрады.