Бүгін АҚШ-та мереке күні (Джордж Вашингтонның туған күні) болғандықтан, Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOM құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.
Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 318,88 теңгені (-0,54 теңге), ал сауда-саттық көлемі -53 100 мың АҚШ долларын ( 28 200 мың USD) құрады.
Есептесуі T 0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T 0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 46,5900 теңгені (-0,3050 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 500 мың юань ( 300 мың юань) болды.