Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,74 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 345,45 теңге, ал ең жоғарғысы 346,5 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 86,45 млн долларға жетті.
Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 346,51 теңге, күндізгі сессияда 346,81 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 346,68 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 200 млн долларды құрады.