АҚШ доллары қайта көтеріле бастады
11:37, 27 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша, АҚШ долларының бағамы 312,44 теңге болып бекіді. Кеше күндізгі сессия қорытындысында доллар 311,32 теңге болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.