АҚШ доллары кешеден бері 2 теңгеге көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 317,68 теңге болып бекіді.

Бұл туралы kase.kz сайтында хабарланды.

Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.

Еске сала кетейік, кеше кешкі сессияда доллар бағамы 315,35 теңге болған.