АҚШ долларының бағамы 311,45 теңге болып бекіді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 311,45 (-0,26 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 29 600 мың АҚШ долларын (-32 900 мың USD) құрады.

Есептесуі Т 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте бір юаньға сұраным 45,0800 (-0,0992 теңге) теңгені, ұсыным - бір юаньға 45,1000 теңгені құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.