АҚШ долларының бағамы 317,94 теңге болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 317,94 теңге болды.

Ал таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 318,07 теңгені (+0,10 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 99 650 мың (-20 550 мың USD).

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.