Бүгін Қазақстан қор биржасында 21-23 наурыз Қазақстанда мереке күндері болғандықтан және демалыс күнін 18 наурыздан 20 наурызға, сенбіден дүйсенбіге ауыстыруға байланысты USDKZT_TОМ, EURKZT_TОМ, EURUSD_TОМ, RUBKZT_TOМ, CNYKZT_TOМ, USDKZT_0_001 және EURKZT_0_001 құралдарымен сауда-саттық өткізілген жоқ.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 315,05 теңгені (-2,58) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 284 450 мың ( 49 050 мың).
Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.