АҚШ долларының бағасы 318,13 теңге болып бекіді
16:13, 14 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Нәтижесінде АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 318,13 теңге болып бекіді.
Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында хабарланды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 317,96 теңгені (-0,11 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 127 100 мың (+27 450 мың USD).
Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.