АҚШ «доңыз тұмауына» қарсы вакцинаға 1 миллиард доллар бөледі

Фото: None
ВАШИНГТОН.   Шілденің  13-і. ҚазАқпарат -  АҚШ  өкіметі  А (H1N1)  тұмау вирусына қарсы вакцина жасауға1 миллиард доллар бөледі.  Бұл туралы   елдің Денсаулық сақтау министрі   Кэтлин  Себелиус  ханым мәлім етті, 

деп    хабарлайды  ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Вакцина  2009 жылдың  қазан  айына  қарай   дайын болады деп күтілуде.   «Конгресс,  америка қауіпсіздігін сақтау -    бірінші кезектегі міндет екендігі  туралы   Президенттің сөзімен келісіп  отыр»,  деді Себелиус  ханым өз сөзінде.