АҚШ экономикасындағы жағдайдың әсерінен мұнай бағасы күрт құлдырады

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 20 маусымдағы сауданың қорытындысымен Inter Continental Exchange Futures Europe электрондық тауар биржасында Brent мұнайдың ресми бағасы 3,07 долларға төмендеп, 1 баррель 92,69 долларды құрады.

Нью-Йорктегі Light Sweet мұнайдың ресми бағасы 2,23 долларға арзандап, 1 баррель 81,8 долларды құрады, деп хабарлады РБК агенттігі.

Мұнай бағасының төмендеуі 22 жылға дейін АҚШ-та энерготасымалдаушы қордың артуы жайлы мәліметтерге байланысты болды. Сондай-ақ бұл аталмыш ел экономикасының өсімі бойынша Федералды резервтік жүйе болжамының төмендеуіне де қатысты.