— Бұл тауарлардың барлығы жартылай өткізгіштер санатына жатады әрі оларға арнайы тариф белгіленеді. Оларға өзара тариф салынбайды, бірақ олар бір-екі айдан кейін енгізілетін жартылай өткізгіштерге арналған тарифтерге кіреді, деп мәлімдеді АҚШ Сауда министрі Говард Латник ABC арнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі смартфондар мен компьютерлер, сондай-ақ басқа да электроника жаһандық өзара тарифтен босатылғанын хабарлаған болатын.