АҚШ елшілігі Қазақстанға туберкулезді ерте анықтайтын құрылғылар сыйлады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы туберкулез диагностикасын жақсарту үшін АҚШ елшілігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 50 GeneXpert аппаратын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаны USAID (АҚШхалықаралық даму агенттігі) жүзеге асыруда.

«Жиырма жылданастам уақыт бойы USAID отбасы денсаулығын сақтау үшін, туберкулезбен байланыстыөлім-жітім санын азайту үшін, ауруды тиімді емдеу бойынша Қазақстан үкіметімен,медициналық қызметкерлерімен және азаматтық қоғамымен жұмыс істеп келеді. Бірлесежұмыс істеу арқылы Қазақстандағы туберкулез жүктемесін азайтуда елеулітабыстарға қол жеткіздік», - деп атап өтті Қазақстандағы АҚШ елшісі УильямМозер.

Елшінің айтуынша,2018 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында туберкулез бойынша жоғары деңгейлі жиналыста АмерикаҚұрама Штаттары 2022 жылға қарай әлемде 40 млн адамды емдеу міндетін мойынғаалған.

«Бұл мақсатқа жетуүшін USAID әкімшісі Марк Грин «Туберкулезді жоятын жаһандық акселератор» жаңаинновациялық моделін жариялады. Бұл туберкулезді жою үшін оған қарсы барлықресурстарды қолдануға бағытталған. Осы орайда АҚШ пен Қазақстан үкіметітуберкулезге қарсы күрестегі серіктестік қарым-қатынасты жалғастырады.Қазақстан үкіметімен бірлесіп жұмыс істеу арқылы қазақстандық отбасылардыңамандығына ғана емес, жаһандық табысты емдеу мақсатына да қол жеткіземіз», -АҚШ елшісі.

Ол GeneXpertаппараттарының диагностикадағы үздік құрылғы екенін атап өтті. Құрылғы туберкулезді анықтау дәлдігін арттырады жәнедиагностика мен емдеу арасындағы уақытты қысқартады.

«Биыл USAIDтуберкулезбен күрес бойынша тағы бір өңірлік жобаны бастайды. Жоба «ОрталықАзиядағы туберкулезді жою» немесе ETICA деп аталады және бұл өңірдегітуберкулез бойынша барлық ұлттық бағдарламаларға қолдау көрсетеді. Сондай-ақ,USAID Қазақстандағы туберкулезге қарсы препарат өндірушілерге техникалық көмеккөрсетеді», - деді У. Мозер.

Өз кезегінде ҚРДенсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева АҚШ елшісіне алғыс білдірді жәнеҚазақстанда дәл осындай 59 аппараттың жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Елімізде жеделдиагностикалау технологиялары табысты енгізіліп жатыр. Дәл осындай 59 аппаратреспублика ауруханаларында жұмыс істеп жатыр. Бүгін еліміз тағы 50 GeneXpertаппаратын алды. Бұл арқылы аз уақытта нақты диагнозды қоюға болады жәнетуберкулезге қарсы препаратқа науқас ағзасының қалай әсер ететінін де білеаламыз», - деді вице-министр.

Айта кетейік,GeneXpert құрылғылары ең алдымен аппарат саны аз Жамбыл, Қызылорда, Қостанай,Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар