АҚШ елшілігі техникалық ақауларға байланысты виза беруді тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ мемлекеттік департаменті Консулдық қызметтер бюросы жұма күні техникалық ақауларға байланысты өз елшіліктерінде виза мен шетелге шығу төлқұжатын беруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы сыртқы саяси ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

«Бұл проблема нақты қандай да бір елге, азаматтық немесе визалық санат туралы құжатқа қатысы жоқ», - деп мәлімдеді Мемлекеттік департаментте.

Оқиғаға консулдық дерекқор сақталатын жабдықтың істен шығуы себеп болған. 9 маусымнан кейін өтінім берген адамдар енді құжатты біршама кешіктіріп алуы мүмкін. Ведомствода бұл жағдай тек АҚШ шетелдік өкілдіктеріне қатысты екенін атап өтті.

Мемдепартаментте болған жағдайға өкініш білдіреді. «Бұл мәселені тезірек ретке келтіруге тырысамыз. Жүйе жуық арада толықтай іске қосылады деп ойлаймын», - деді баспасөз қызметінен.