деп хабарлайды ҚазАқпарат Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шараға АҚШ Бас консулдығы басшысының міндетін атқарушы Роберт Лэйн, АҚШ Құпия қызметінің жасырын агенті Фредерик Вагнер және Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері қатыспақ. Жалпы, жаңартылған 100 долларлық банкноттың Қазақстандағы таныстырылу рәсімі Вашингтонда ресми тұсаукесер өткен соң келесі күні жасалғалы отыр. АҚШ-та оны Қаржы министрі Тимоти Гейтнер, Федералдық резерв жүйесінің төрағасы Бен Бернарке, Қазынашы Роза Риос пен Құпия қызметтің басшысы Мак Салливан таныстырмақ. Таныстырылым айналымға енгізілген жаңа дизайндағы 100 долларлық банкноттың ерекшеліктерімен барлық қызығушылық білдіруші тараптарды ақпараттандыруға бағытталған ғаламдық үкіметаралық ақпараттық бағдарламалардың бірінші кезеңі болып отыр.