12:01, 22 Сәуір 2009
АҚШ Елшілігі Жер күні аясында қаланы тазалау шараларына қатысуда
АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Астанадағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері бүгін Қарағанды тас жолының бойындағы учаскелерді тазалайды. Астананың Алматы аудандық әкімдігі тазалауға ұсынған жер телімі МАИ бекеті мен Күйгенжар кентінің аралығында орналасқан,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа елшіліктің баспасөз қызметінен. Жер күні - АҚШ-та 1970 жылдан бастап дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бұл атаулы күннің мақсаты - жұртшылықтың назарын адамзат тарапынан қоршаған ортаға келіп жатқан зиянға аудару. Кейіннен бұл күн 1990 жылдан бастап - Бүкіләлемдік жер күні ретінде аталып өте бастады. Бұл күнді сондай-ақ АҚШ-та Ағаш отырғызу күні ретінде атап өтіледі. Бұл мектеп мерекесі. Көктемнің алғашқы күндерінде мектеп оқушылары мұғалімдердің басшылығымен ағаш отырғызумен айналысады. Мақсаты ? қала балаларына табиғатты аялауды үйрету.