АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Пресс-атташесі Рэн Эльхай әйелдер қауымына 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол танымал қазақстандық әнші Айқын Төлепбергеннің орындауындағы «алтыным» әнін орындап берді.
«Құрметті ханымдар, халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Армандарыңыз орындалсын!» - деп жазды Рэн Эльхай Instagram-дағы парақшасында.
Публикация от Wren Elhai (@wrenelhai) Мар 7, 2018 в 10:51 PST
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.