«Құрметті ардагерлер! Сіздерді Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының атынан Жеңіс күнімен құттықтаймын. Біз Сіздерге ерекше алғыс айтамыз. Тарихи жеңіске жеткізген рух жоғалмасын. Мен алдарыңызда басымды иемін. Жеңіс күні құтты болсын!», - деді Джордж Крол видеоүндеуде.
16:25, 09 Мамыр 2018
АҚШ елшісі ардагерлерді қазақ тілінде Жеңіс күнімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада АҚШ елшісі Джодж Крол әскери атташемен бірге Қазақстан ардагерлерін қазақ тілінде Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.