«Өкінішке қарай, пандемия салдарынан бөгелу болғанын мойындаймын. Яғни, бұл процесс пандемиядан кейін жалғасады. Өйткені Қазақстанда тікелей рейстер ашуға қойылатын нақты стандарттар бар. Олардың қатарында – жақсы визалық режим және қауіпсіздік стандарттары бар», - деді У. Мозер АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстелде.
Оның айтуынша, тікелей әуе рейсін орнату бойынша стандарттарды жетілдіру үшін Вашингтоннан сарапшылар келуі тиіс.
Еске сала кетсек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін ашу қажеттігін айтқан еді.