АҚШ: Ер адам қызын, алты немересін өлтіріп, артынша өз-өзін атып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында ер адам қызын, алты немересін өлтіріп, артынша өз-өзін атып тастады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Қайғылы оқиға штат солтүстігіндегі шағын Белл қалашығында орын алды, оның не себепті мұндай қадамға барғаны әзірге анықталған жоқ. Штат билігі 51 жастағы ер адам өз-өзіне қол салмас бұрын полицияға өзі хабарлаған.