300 метрлік Creole Spirit газтасымалдаушы діттеген жерге 26 сәуірде жетеді. Сатып алушы португалиялық Galp Energia компаниясы, деп мәлімдеді Лента.ру.
Сарапшылар америкалық газдың жеткізілуі ұзақ уақыт Ресей үлесі үстем болып келген еуропалық нарықтағы бағаны төмендетуі мүмкін деп болжайды.
АҚШ Мексика шығанағы ауданында өндіретін газ шет елдерге ақпанда сатыла бастады. Техасс Cheniere Energy бірінші партияны Бразилияға, сосын Азия елдеріне жөнелтті.