ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні АҚШ-тың федералды резерв жүйесі 50 базистік тармақ бойынша негізгі ставка 1-1,25 пайызға дейін төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сілтеме жасап.
Америка федералды резерв жүйесінің бұл қадамы жоспардан тыс болды, өйткені отырыс 17-18 наурызда өтуге тиіс еді. ФРЖ бұл шешімін экономикаға қосымша қауіп төндіріп отырған коронавирустың таралуына байланысты деп түсіндірді.
Федералдық резерв жүйесі соңғы он жылдан астам уақыттан бері бірінші рет шұғыл жиналып, арнайы кеңес өткізді. Ставканың бірден жарты пайызға өзгеруінің өзі күтпеген жаңалық болды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.