«Қазір біздің экономика жақсы жағдайда деп ойлаймын», - деді Анн-Арбор қаласындағы Мичиган университетінде сөз сөйлеген Йеллен. Бұл ретте ФРЖ басшысы ведомство америкалық экономиканың қалыпты өсімін қолдау мқсатында және оны «шамадан тыс қыздырып жібермеу» үшін біртіндеп базалық ставканы көтеру қажет екенін атап өтті.
«Экономикаға тура бағытпен қозғалуға мүмкіндік беру қажет», - дей келе Йеллен, ФРЖ ставканы тез арада күрт көтеріп жібере алмайды немесе керісінше, бұл процесте тым сылбыр болуға да болмайтынын түсіндірді. «Біз жағдай тұрақты болғанына сенімді болуымыз қажет», - деп атап өтті ол. «Біз ставканы тез арада күрт көтеру қажет болатын жағдайға тап болғымыз келмейді, өйткені бұл рецессияға алып келуі мүмкін», - деді ФРЖ басшысы.