Оның мәліметтерінше, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай ер адам жолсерікке айқайлап, қасында отырған зайыбын ұра бастаған. Кейіннен ол ұшақтың артқы жағына барып, ол жерде медитация жасап, йогамен айналыса бастаған. Сондай-ақ, ер адам орнына отырудан бас тартқан, өзін ақылға келтірмек болған бірнеше жолаушыны тістеп алған.
Ақыры экипаж командирі ұшақты кері бұрып, оны қайтадан Гавай әуежайына қондырады. Ол жерде тәртіп бұзушы ФТБ-ның қызметкерлеріне тапсырылды. Оған жолаушылардың әуе рейстерінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айып тағылды.