Ғалымдардың эксперименті барысында, еріктілер Facebook әлеуметтік желісіндегі бейтаныс әйелдердің бейінін зерделеп, олардың мінез-құлқын бағалады. Зерттеу нәтижесі бойынша, мамандар әзілдей білетін ер адамдар әйелдерге көбірек ұнайтынын, ал әйелдердің әзілкеш болуып көрінгісі келгені ер адамдардың ешбірінде жағымды пікір қалыптастырмағанын айтты.
07:28, 11 Қыркүйек 2015
АҚШ ғалымдары әзілқой әйелдерге ер адамдардың көзқарасы қандай болатынын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Канзас мемлекеттік зерттеу университеті мамандары әйелдерге ер адамдардың алдында тым әзілқой болмау керектігін ескертті. Олардың зерттеуі бойынша күлегеш, әзіл-қалжыңға әуес әйелдерге ер адамдардың басым бөлігі «жеңілтек» деп, бөтен пиғылмен қарайтыны белгілі болды, деп жазады «The Daily Mail».