АҚШ ғалымдары бал араларының жаппай қырылуына қатысты Еуропаны айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та бал араларының қырылуына еуропалық аралар кінәлы деген тұжырым жасалды. Ғалымдар зерттеу жұмыстарының қорытындысын «Science» журналына жариялады, деп хабарлады «BBC News».

Ғалымдардың зерттеуінше, індеттің таралуына әлемде жәндіктерді саудалау себеп болған. Себебі, «Varroa destructor» аталатын кене осы жәндік саудасымен мұхит асып келген. Мұндай тұжырымды ғалымдар жаһандық генетикалық зерттеу жүргізгеннен кейін жасады.
Генетиктердің пікірінше, кененің таралу бағыты табиғи емес, жасанды жолмен жүзеге асып отыр. «Varroa destructor» дерекөзінде ғалымдар індет Еуропадан Солтүстік Америка мен Жаңа Зеландияға жеткенін айтады.