Ғалымдар соңғы 30 жыл бойы жүргізген жұмыстарының нәтижелерін қорытындылады. Оның барысында әлемнің 50 елінде тұратын 611 мыңнан аса адамның денсаулығы бақыланып, қайтыс болу себептері зерттелген. Ақыры газдалған сусындардың жылына 184 мың адамның өмірін қиятындығы анықталды. Бұл сусындар диабет пен жүрек ауруларын тудырады. Сондай-ақ, онкологиялық дерттерге де солар себеп. Медициналық мамандар бүкіл әлем бойынша газдалған сусын өндірісін қысқартып, оны шектен тыс ішуді доғаруға үндеп отыр. Керісінше болған жағдайда, іс насырға шабуы мүмкін.