Мамандар, ішімдікті бірден қойып кету денсаулыққа өте пайдалы екенін тағы да нақтылап, ғылыми тұжырыммен дәлелдеді. Мамандардың айтуынша, оның денсаулыққа пайдасы бірден байқалады.
Нақтырақ айтқанда, ішімдікті қою бауыр жасушаларын сақтап қалады. Сондай-ақ, алкогольдік сусындардан бас тарту холестеринді азайтып, ағзадағы артық майды «жағады».
Ішімдік бауыр циррозы ауруына шалдықтырады. Егер спирттік ішімдіктерді мүлдем пайдаланбаса, ағза өзін өте жақсы «сезінеді» деп ескертеді дәрігерлер.