ВВС-дің жазуынша, мамырда Жапонияда, Тайвань және Оңтүстік Кореяда гендік модификацияланған астықтың байқалуына байланысты Орегон штатынан америкалық бидайды сатып алуды аталған елдер тоқтатқан көрінеді.
АҚШ-тың осы өңірінде 2005 жылы Monsanto компаниясы гендік модификацияланған бидайды өсіру бойынша тәжірибелер жүргізген екен. Атап айтқанда, астықтың бұл түрі арамшөптер ықпалына қауқарлы болып шыққан.
Дегенмен, бидайдың осы түрін саудалауға рұқсат бірілмеген.