АҚШ Германияның ірі банкіне ескерту жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі қаржы институттарының бірі - германиялық Deutsche Bank AG - АҚШ аумағындағы жұмысында бірқатар кемшіліктер жіберген, деп хабарлады The Wall Street Journal.

Осыған байланысты Нью-Йорктің қаржы билігі Deutsche Bank басшылығына хат жолдаған. Онда банк есебі дұрыс жіберілмегені, күманді банк деректері туралы жазылған. Сонымен бірге, Федералдық резервтік банкі неміс банкінде қаржылық бақылаудың бәсеңдігі мен сапасыз аудит туралы айтқан. Және хатта бұрын айтылған ескертулерді банк түзетпеген деп жазылған.