АҚШ Грузияға қару-жарақ жеткізілуі мүмкіндігін жоққа шығармайды

АСТАНА.  Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат -   АҚШ  Сенатында   болған тыңдауда   американ  әкімшілігінің   жоғары лауазымды ресми    тұлғалары   Ресейдің   наразылығына қарамастан,

Грузияға   қорғаныс  қару-жарақтарының  жеткізілу  мүмкіндігі жоққа шығарылмайтынын    мәлім етті,  деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  РБК агенттігіне сілтеме  жасап.

АҚШ   қорғаныс министрінің    халықаралық қауіпсіздік  мәселелері  жөніндегі орынбасары,  АҚШ-тың  Ресейдегі  бұрынғы елшісі  Александр Вершбоу, АҚШ-тың Грузияға  бұған дейінгі  әскери көмегі    қарулы күштерді  жаттықтырумен  ғана шектеліп  келсе,  «бұдан былай   ынтымақтастықтың басқа да  жолдары  қолға алынуы  мүмкіндігін,  бұл мәселеде ешнәрсені  жоққа  шығаруға болмайтынын»  мәлім етті.

А.Вершбоудың мәлімдемесін   АҚШ Мемлекеттік  хатшысының  Еуразия істері  жөніндегі  орынбасары   Филип  Гордон да    қуаттап,  «Грузияға    жеткізілімге    халықаралық эмбаргоның  жоқ екенін»    мәлім етті.

Осының алдында ғана РФ Сыртқы  істер министрінің  орынбасары Григорий Карасин:  «АҚШ-тың   Грузияның   әскери  техникаларын  қайта жарақтауда    негізгі  роль атқарып отырғанын»    мәлім етіп,  «АҚШ-тың  араласуы  Грузиядағы демократия үдерісіне  зиян келтіретінін» ескерткен еді.

Ресей мен  Грузияның арасында  болған   былтырғы қақтығысты кеше Ресей Президенті  Дмитрий Медведев  пен   АҚШ Президенті   Барак Обама    талқылады.   Д.Медведев  туған  күнімен   құттықтау  үшін     американдық әріптесіне  телефон   шалды.    Президенттер Грузияның  төңірегіндегі  жағдайды  ушықтырмау   қажеттілігі    туралы келісті.