АҚШ-тың халықаралық сауда жөніндегі сотына ұсынылған құжаттарға сәйкес, импорттаушыларға осы уақытқа дейін шамамен 100 млрд доллар аударылған. Бұл заңсыз деп танылған баж салығынан бюджетке түскен 166 млрд доллардың шамамен 60 пайызына тең.
Ақпан айында АҚШ Жоғарғы соты Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заң (IEEPA) президентке мұндай баж салығын енгізуге құқық бермейтінін мәлімдеді. Осыдан кейін федералдық сот билікке импорттаушылардан өндірілген қаражатты қайтаруды міндеттеді.
Соған қарамастан, Трамп әкімшілігі осыған ұқсас тариф саясатын сақтап қалу үшін басқа құқықтық тетіктерді қолдану мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Дональд Трамптың айтуынша, енгізілген баж салығы АҚШ бюджетіне «жүздеген миллиард доллар» кіріс әкелген. Ол Жоғарғы сот шешімінен кейін әкімшілік тарифтерді енгізудің «басқа тәсілін» қолдануға мәжбүр болғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Американың 25 штаты Трамп әкімшілігін жаңа тарифтерге байланысты сотқа бергенін жаздық.