— Құжат айналымы саласында инновациялық шешімдерді енгізумен айналысатын кейбір компаниялардың өкілдерін шақырдық. Бірінші стартап — СМС және басқа да тексеру әдістері арқылы келісімшарттар жасауға көмектесетін TrustMe. Стартап біз жыл сайын Depeer университетімен бірлесіп жүзеге асыратын Hero Training акселерациялық бағдарламасына қатысты. Сол арқылы стартап жақында әйгілі америкалық винчуплық инвестор Тим Дрейперден 1 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты. Осылайша біздің ІТ компанияларымыз ірі шетелдік инвесторлардың назарын аударуда, - деді ол Үкімет отырысында.
Министердің айтуынша, Тим Дрейпер Тесло, SpaceX, Skype, Baidu секілді ірі компанияларға инвестиция салған.