АҚШ Ирактан 2011 жылы кетуге үміттеніп отыр

АСТАНА.  Шілденің 23-і.  ҚазАқпарат -   Иракта зорлық-зомбылықтың   жалғасып жатқанына қарамастан, Құрама Штаттар  өз әскерін Ирактан    2011 жылдың соңына  дейін   шығару  жөніндегі  жоспарын өзгерткен жоқ,  деп мәлім етті  АҚШ Президенті Барак Обама.

Вашингтонда  Ирак  премьері Нури  әл-Маликимен болған  кездесуден кейін сөйлеген  сөзінде Обама,  АҚШ-тың  өз  сөзінде тұратынын  атап көрсетті   және   оған дәлел ретінде    американ  күштерінің  жақында Ирак қалаларын тастап шыққанын  еске салды.

Әл-Малики өз   кезегінде, Ирактың  қауіпсіздік күштері  жақсы  дайындалғанын    мәлім етті.  Ирак премьерінің айтуынша,  ол  Обамамен   АҚШ пен  Ирактың арасындағы  «стратегиялық достық»  аясындағы  ынтымақтастықтың барлық   жағдайын   талқылады.