«Соңғы санкциялар өткен аптада ғана қабылданды. Бұл санкциялардың бір ғана мақсаты бар.Бұл - Иранның ядролық қаруы бар мемлекетке айналмауына қатысты. Егер де, Иран ядролық қарулы ел болса, бұл барша әлемнің алдында туындайтын қатердің белгісі», -деп пайымдап отыр Елші.
«Егер де осы мәселе бойынша соңғы бірнеше жылдағы оқиғаларды байқайтын болсаңыздар, сіздер әрдайым дипломатиялық пікіралмасулар, дипломатиялық қадамдар, сондай-ақ сакциялар болғанын көресіздер. Кейіннен бұл санкциялар арта түсті. Алайда, әлі де көре жатармыз. Себебі, біз бұл мәселе бойынша берілмейміз және бейбіт шешімнің жолын іздеудеміз және оған үміттенеміз», - деп түйіндеді К. Фэйрфакс.
Әлемдік БАҚ-дың мәліметіне қарағанда, 23 қаңтарда Еуропалық одақтың 27 мемлекетінің Сыртқы істер министрлері Ираннан мұнай тасымалдауға эмбарго (тыйым салу) енгізуді мақұлдады. Олар Тегеранды ұлттық ядролық бағдарлама бойынша бірқатар мәселелерді анықтау тұрғысында және халықаралық талаптарды орындауға ниет білдірмей отыр деп айыптауда. Санкцияның жаңа пакеті аясында 1 шілдеден бастап Ираннан мұнай алатын Еуропалық одақтың барлық мүшелері бұл елден келетін импортқа тыйым салуы тиіс.
Осыған жауап ретінде, өткен аптада ирандық парламенттің энергетика бойынша комитетінің төрағасы Имад Хусейни ел парламенті Ираннан ЕО-ға мұнай тасымалдауға толық шектеу қоятын заң жобасын мақұлдауға қауқарлы екенін жеткізді.
Айта кетейік, АҚШ және Батыстың бірқатар елдері бейбіт атом бағдарламасын жамыла отырып, Иран ядролық қаруды дайындап жатыр деп айыптауда. Өз кезегінде Иран бұл айыптауларды жоққа шығаруда, сондай-ақ өздерінің жұмыстарын тек электр энергетикасына негізделгенін жариялауда.