Орталық қолбасшылықтың мәліметінше, америкалық әскери күштер Иран аумағына кезекті соққыларын аяқтаған.
CENTCOM хабарлауынша, шабуылдың негізгі нысаналары басқару бекеттері, ұшқышсыз ұшу аппараттары сақталған орындар, жағалаудағы бақылау бекеттері, сондай-ақ Иранның әскери-теңіз күштеріне тиесілі нысандар мен әскери құралдар болған.
Бұған дейін Иран төңірегіндегі әскери ахуалдың соққылардың жалғасуы, өзара қоқан-лоққылар және АҚШ әскери операциясының кеңеюі мүмкін екені туралы хабарламалар аясында одан әрі шиеленісіп келе жатқаны хабарланған.
Айта кетелік АҚШ Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген еді.