Бессенттің айтуынша, АҚШ әкімшілігі Тегеранға жаңа қысым жасауға дайындықтың соңғы кезеңіне аяқ басып келеді. Ол алдағы шараларды «бұрынғы ең ауқымды қаржылық шабуыл» деп атады.
- Президент Дональд Трамп біз жүгінбейміз деп ойлаған барлық ведомстволар, құрылымдар және өкілеттіктерді жұмылдыру үшін жағдай жасады, - деп жазды АҚШ Қаржы министрі X әлеуметтік желісінде.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Иранға қарсы ауқымды экономикалық операция басталғанын жариялады. Оның айтуынша, Вашингтон Ислам Республикасын бұрын-соңды болмаған деңгейде экономикалық оқшаулауды көздеп отыр.
Америка президенті сондай-ақ қаржы мекемелері, кәсіпорындары, әуежайлары немесе мемлекеттік мекемелері Иранды қолдайтын елдер үшін ауыр зардаптар туралы ескертті.
Тегеран АҚШ-тың санкциялар саясатын «экономикалық лаңкестік» деп атап, оны әзірлеу мен енгізуге жауаптылар жазалануы керек деп мәлімдеді.
Еске сала кетсек, осы аптада АҚШ пен Иран арасындағы маусым меморандумының 60 күндік мерзімі аяқталды. Осы аралықта тараптар соғысты тоқтатуға жол ашатын келісімге келуге тиіс болған. Алайда ондай нәтиже шыққан жоқ. Шиеленіс бұдан әрі қалай өрбуі мүмкін? Kazinform халықаралық шолушысы осы сұраққа жауап іздеп көрді.