АҚШ Әскери-теңіз күштері Иранға қарсы теңіз блокадасы басталғаннан бері 118 кеменің бағытын өзгерткен.
Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, тағы 5 кеме істен шығарылған.
Айта кетейік, АҚШ әскери күштері Иранға қарсы теңіз блокадасын 13 сәуірде бастаған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, сәуірдің ортасында АҚШ Иран порттарына қатысты әскери-теңіз блокадасын бастады.
АҚШ-тың Иранға қарсы енгізген теңіз блокадасы Тегеранға шамамен 4,8 млрд доллар көлемінде экономикалық шығын әкелді.
Өз кезегінде Иран теңіз блокадасын тоқтатып, АҚШ күштерін шығаруды талап етті.