Мәліметке сәйкес, жаңа әскери операция Ормуз бұғазындағы оқиғадан кейін басталған.
АҚШ Қарулы күштерінің АҚШ ҚК Орталық қолбасшылығының мәліметінше, америкалық әскерилер Иранға қарсы соққылардың кезекті легін бастаған.
-АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша сағат 19:15-те (Астана уақытымен 13 шілде сағат 04:15) CENTCOM күштері Иранға қарсы соққылардың үшінші кезеңін бастады, — делінген Х әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада.
Barak Ravid мәліметінше, шабуылдар Иранның Ислам революциясы сақшылар крпусының Ормуз бұғазындағы кемеге оқ атуына жауап ретінде жасалып жатыр.
Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусы рұқсат етілмеген бағытпен Ормуз бұғазынан өтпек болған кемеге ескерту ретінде оқ атқанын мәлімдеген.
Осы оқиғадан кейін Иран тарапы Ормуз бұғазының жабылғанын жариялады.
Осыған дейін Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша келіссөздерді жалғастыруға келіскені туралы жаздық.