АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақ үй ядролық қару жасауда деп күдік келтіріліп отырған Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізілгенін жария етті.

АҚШ Қаржы министрлігі «қара тізімге» тағы бірнеше жеке және заңды тұлғаны, атап айтқанда Иранның Bank Mellat мемлекеттік банкімен және елдің Кеме қатынастары желілерімен байланысты 10 ирандық компанияны және осы фирмаларды басқарушы бес жеке тұлғаны енгізді, деп хабарлайды РБК агенттігі. Олардың АҚШ-тың қарамағындағы қаржы мекемелеріндегі есепшоттарды жауып тасталады.

«Иран, өзінің заңсыз қызметін жасыру үшін, астыртын компанияларды және алмасудың басқа әдістерін пайдаланып келеді. Біз АҚШ-тың санкцияларынан және халықаралық санкциялардан бұлтарып отырған Иранның осындай заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоймақпыз», - деп мәлім етті АҚШ Қаржы министрінің лаңкестік және қаржылық барлау мәселелері жөніндегі орынбасары Стюарт Леви.

Естеріңізге сала кетейік, Иранның ядролық бағдарламасына тосқауыл қоюға бағытталған шаралардың аясында АҚШ-тың Қаржы министрлігі өткен айда Германия, Мальта, Кипр елдерінде тіркелген 37 компанияға санкция салған болатын. Заңды тұлғалармен қоса, Еуропада тұратын тағы бес ирандық азаматтың да есепшоттары жауып тасталған еді. «Аталған фирмалар мен тұлғалардың Иранның кеме қатынасы компанияларына немесе онымен аффилирленген құрылымдарға қатысы бар», деп мәлім етеді американдық финистрліктің өкілдері.

Ақ үйдің пікірінше, Иранның Кеме қатынастары компаниясы жаппай қырып-жоятын қарудың заңсыз өндірісін дамыту үшін қару-жарақтар немесе жүктер тасымалдап отыр.