Санкциялар тізіміне 14 жеке тұлға мен бес компания енгізілді. Шектеулер Ирак, Ливан, БАӘ және Түркиямен байланысты тұлғалар мен ұйымдарға қатысты болды.
Сонымен қатар АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қатысты арнайы лицензия беруге арналған өтінімдерді қарау тәртібін қатаңдатқанын хабарлады. Ведомство сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, енді мұндай лицензияларды беруден бас тарту қағидаты қолданылады.
Заң талап ететін жағдайларда, сондай-ақ адам өміріне, денсаулығына немесе экологиялық қауіпсіздікке қатер төнген кезде ғана ерекшелік қарастырылған.
Бұған дейін АҚШ Иранға қатысты операцияларға байланысты түрік банкіне санкция салғаны хабарланған болатын.
Айта кетелік сегіз мұсылман елі Ұлыбританияның Израильге қарсы санкциясын қолдады.